Отырыс барысында Н.Нығматулин осыдан екі күн бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті сессияны ашып, Парламент қабырғасында өзінің тұңғыш Жолдауын жариялағанына назар аударды.
«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатын жалғастыра отырып, Қазақстанымызды одан әрі дамытудың негізгі мақсаттарын белгілеп берді. Олардың барлығын заң жағынан қолдау үшін депутаттық корпустың алдында да жауапты міндеттер тұр. Сол үшін сессия барысында, біз, өз уақытында, халыққа қажетті, сапалы заңдар қабылдайтын боламыз»,-деді Палата спикері.
Осы жауапты міндетті абыроймен атқару үшін бүгіннен бастап белсене іске кірісу қажеттігін еске салған Мәжіліс Төрағасы әсіресе, экономиканы жаңғыртуға әлеуметтік ахуалды күшейтуге, бюджет және салық жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, шағын және орта бизнесті қолдауға, экологиялық мәселелерге басқа да сұрақтарға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.