Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2019

Жапония Парламенті Өкілдер палатасының депутаттарымен кездесті

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрлігінде Министрдің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді Жапония Парламенті Өкілдер палатасының депутаттарымен кездесті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.  

Жапония Парламенті Өкілдер палатасының депутаттарымен кездесті

Кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты форматта жемісті әріптестікті атап өтіп, саяси, парламентаралық, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы қазақстан-жапон ынтымақтастығының даму қарқынына ерекше мән берді.

М. Тілеуберді жапондық тарапты Қазақстанда болып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен таныстырып, Нұр-Сұлтан мен Токио арасындағы қарым-қатынастарды жандандыруға шақырды. Оған қоса, елімізде жапондық бизнесмендерге қолайлы жағдай жасауға барлық мүмкіншіліктер бар екендігін айтты.

Жапонияның Өкілдер палатасының депутаты Фумияки Кобаяси Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшылық рөліне баса назар аудара отырып, болашақта екі ел арасында табиғи ресурстарды игеру, қоршаған ортаны қорғау, бизнес байланыстарды кеңейту, ауылшаруашылық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру саласында ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытып отырғандығын мәлімдеді.

Сонымен қатар жапон тарапы Алматы қаласының бай табиғатының кең мүмкіншіліктеріне тоқтап, қазақстандық туризмді ілгерілетуге үлкен әлеует бар екенін алға тартты.