Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2019

Ішкі істер министрі ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарымен кездесті

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары елші Ламберто Заньермен кездесуі өтті. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ішкі істер министрі ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарымен кездесті

Кездесуге қатысушылар полицияны реформалау және осы саладағы ынтымақтастықтың болашағы туралы пікір алмасты.

Тараптар мүдделі бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендігін білдірді.

Осы кездесу аясында «Көпэтникалық қоғамдастықтарда полицияның тиімді және инклюзивтік жұмысына жәрдемдесу» тақырыбында семинар өткізілді.

Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог жағдайында өтті.