Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2019

Ескі сарыннан арылып, елге шығу ұсынылды

192 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Түркістан облысында «Азаматтар өтініштерін бақылау» бөлімі құрылады. Аталған бөлім барлық деңгейдегі арыз-шағымдардың мерзімінде жауап берілуіне бақылау жасайды.

Ескі сарыннан арылып,  елге шығу ұсынылды

Бұл жөнінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Президент Қ.Тоқаев­тың Қазақстан халқына жол­даған «Сындарлы қоғамдық диа­лог – Қазақстанның тұрақты­лығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын іске асыруға арнал­­ған жиында мәлім етті. Алқа­лы жиында облыс әкімі Жол­­дауда айқындалған бағыт­тарға тоқ­талып, нақты тапсырмалар берді. Халықпен байланысты нығайтуда қоғамдық бақылау және партия белсенділері мен шенеуніктерді бағалау тетігін ұйымдастыра білу қажеттігін айт­қан Ө.Шөкеев «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша атқа­рылатын жұмыстарға да тоқ­талды. «Биыл Түркістан облы­сында 7 елді мекеннің мәселе­сін шешуге 4 млрд теңге жұмсал­ды. Нәтижесінде 112,8 шақы­рым жол төселіп, 7 білім, 1 спорт және 5 мәдениет нысаны жөндеуден өтетін болады. Жо­ба аясында 2020 жылға 15 елді мекенде 114 жобаны іске асы­руға 4,8 млрд теңге бағыттау жос­парлануда», – деді облыс әкімі. Сондай-ақ Ө.Шөкеев қала, аудан әкімдері мен қалалық құры­лымдардың басшыларына тұр­ғындар арасында кең ауқым­ды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жүктеп, өздеріне жүктелген міндеттерді уақтылы әрі сапалы орындауға тапсырма берді.

Актив отырысында мәслихат депутаттары, ардагерлер, зия­лы қауым, қоғамдық ұйым тө­р­ағалары жарыссөзге шығып, Жолдауда аталған міндеттер бо­йынша өз пікірлерімен бөлісті. Ал Nur Otan партиясы Түркіс­тан облыстық филиалы төраға­сының бірінші орынбасары Бей­сен Тәжібаев жергілікті атқару­шы органдардағы партия мү­шелеріне мәселені жасырғаннан гөрі жедел шешкен тиімді екенін айтты. «Бүгінде облыста әлеуметтік жағдайдың төмендігі, тұрғын үй және жұмысқа орналасу мәселелері өте өзекті. Партия филиалы бірінші кезекте осы бағыттағы проблемаларды жүйелі түрде шешу үшін жергілікті әкімдіктермен, тиісті басқармалармен жоспар түзіп, жұмыс жүргізетін болады», деді Б.Тәжібаев. Партия филиалы Президенттің Жолдауда айтқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру үшін екі бағытта жұмыс жүргізбек. Ең алдымен, партия филиалының Қо­ғам­дық қабылдау бөлмесі Түр­кістан қаласындағы халық ең жиі шоғырланған Алматы арба­тындағы ғимаратта «Open space» форматына көшсе, екіншіден барлық лауазым ие­лерінің қабылдауларын әлеуметтік желі­лерде тікелей эфир ар­қылы жүргізу қолға алынатын болады. Сонымен қатар актив жи­налысында партия филиа­лы Жолдауды халыққа тиімді етіп насихаттау үшін ескі формат­тағы көптеген жиналыс­ты тоқтатып, елдегі шешімін тап­па­ған мәселелерге жауапты өкіл­дерді алып, елдің ортасына шығуды ұсынды. Атап айтқанда, кәсіпорын ауласында, базарларда, алаңдарда, саябақтарда, егістік алқаптарында, фермаларда ашық аспан аясында өтетін кездесулерде тұрғындар сала мамандарына тікелей сауал қойып, жауабын алу керек.

Айта кетелік, жыл басынан бері Nur Otan партиясы Түр­кіс­тан облыстық филиа­лының Қоғамдық қабылдау бөлме­сіне 5204 арыз-шағым түскен. Оның 2747-сі оңтайлы шешіліп, 2289 өтінішке заң аясында кеңестер берілген, 168 өті­ніш бүгінде қаралу үстінде. Арыз-шағымдардың 2148-і әлеу­меттік көмекке мұқтаж жандардан, ал 1629-ы тұрғын үйге және жер­ге мұқтаждық бойынша, 454-і жұмысқа орналасу, заң­сыз жұ­мыстан шығару, еңбекақы өндіру мәселесіне қатысты түс­кен. Әсіресе Келес, Ордабасы, Жетісай аудандарынан шағым­да­нушылар көп.

Түркістан облысы