12 Қаңтар, 2013

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұйрығы №365-ө

293 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұйрығы №365-ө

Сенбі, 12 қаңтар 2013 5:57

2012 жылғы 5 желтоқсандағы, Астана қаласы

Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініш нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 584 қаулысымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларының 7 және 8-тармақтарына сәйкес бұйырамын:
1.Қосымшаға сәйкес Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініш нысаны бекітілсін.

2. Төменкөміртекті даму департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
3) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр Н. Қаппаров.

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 5 желтоқсандағы №365-ө бұйрығына қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін
ӨТІНІШ
1. Табиғатты пайдаланушының атауы
2. Жалпы мәліметтер:
2.1 Заңды мекенжайы
2.2 Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)
2.3.Байланыс телефоны, факс, электрондық пошта
3.Парниктік газдар шығарындыларын квоталау талаптарына жататын қондырғыға қатысты экономика секторы (атауы мен коды)
4. Парниктік газдар шығарындыларына сұралатын квоталар көлемі:
4.1.Ұлттық жоспардан
4.2.Ұлттық жоспардың квота көлемі қорынын (жаңа және кеңейтілген қондырғылар үшін)
4.3.Барлығы

______________________________ тонна
______________________________ тонна

______________________________ тонна
5. Парниктік газдар шығарындыларына квотаны алу үшін көзі
6. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар арналған уақыт кезеңі
20____ жылға
7. Өтінімге келесі құжаттар қоса ұсынылады: 1) есепті жылға парниктік газдарды түгендеу туралы есеп
2) қондырғының паспорты
3) парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бағдарламасы
4) парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бойынша жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Өтініш беруші мәліметтердің дұрыстығына толық жауапкершілікте болады
Кәсіпорынның басшысы
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы, мөр орны)

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 24 желтоқсан Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8201 болып енгізілді.