12 Қаңтар, 2013

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы № 15-07/571

270 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы № 15-07/571


Сенбі, 12 қаңтар 2013 5:58

2012 жылғы 12 қарашадағы , Астана қаласы

«2012 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар бойынша астық сатып алу квоталарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 10 қазандағы №15-07/510 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Сенбі, 12 қаңтар 2013 5:58

2012 жылғы 12 қарашадағы , Астана қаласы

«2012 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар бойынша астық сатып алу квоталарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 10 қазандағы №15-07/510 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

бұйырамын:
«2012 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар бойынша астық сатып алу квоталарын бекіту туралы» Қазақстан Респуликасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 10 қазандағы №15-07/510 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7997 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2012 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар бойынша астық сатып алу квоталары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (С.С. Хасенов) заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Министр А. Мамытбеков.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң
2012 жылғы 12 қарашадағы № 15-07/571 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 10 қазандағы № 15-07/510 бұйрығымен бекітілген

2012 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына
облыстар бойынша астық сатып алу квоталары
Облыс атаулары Мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу квотасының көлемі, мың тонна
Ақмола 41,0
Шығыс Қазақстан 8,0
Қарағанды 5,5
Қостанай 52,2
Павлодар 3,0
Солтүстік Қазақстан 59,1
БАРЛЫҒЫ 168,8

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 29 қараша Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8119 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар