Тағайындау • 06 Қыркүйек, 2019

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданына жаңа әкім тағайындалды

662 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданына әкім болып Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы тағайындалды. Айта кетейік, Бөрлі ауданы – облыстағы жалғыз өнеркәсіпті моноқала – Ақсай шаһары, ірі газ-конденсат кен орны – Қарашығанақ орналасқан өңір.

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданына жаңа әкім тағайындалды

Өнеркәсіпті ауданның жаңа басшысы Миржан Сатқанов 1977 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Түркия Республикасы Докуз Ейлюл университетін «қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:

- Орал қаласы әкімдігі қаржы бөлімінің жетекші маманы,

- БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің бас маманы, бөлім бастығы, бастығының орынбасары;

- БҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті (басқарма) директорының (бастығының) орынбасары;

- БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы;

- БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарманың басшысы болып қызметтер атқарған.

2018 жылдың наурыз айынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.