Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2019

«Денсаулық айлығы» акциясы аясында 18 мыңға жуық азамат тегін тексерілген

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда 800-ге жуық тұрғыны емханаға мүлдем тіркелмегені де осы акция барысында белгілі болды.

«Денсаулық айлығы» акциясы аясында 18 мыңға жуық азамат тегін тексерілген

«Бұл бір ай қалада жүргізілген «Денсаулық айлығы» акциясы аясындағы мобилді топтардың жұмыс істеуі нәтижесінде анықталғаны ғана», деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметі.

Осы аралықта 18 мыңға жуық азамат  денсаулығын тегін тексерістен өткізуге мүмкіндік алды. Жылжымалы кешендер тұрғындарды қарау үшін қондырғылармен жабдықталған. Терапевтер, педиаторлар, кардиологтар, стоматолог және басқа да білікті дәрігерлер қабылдау жүргізді. Енді әр тоқсан сайын  осындай жылжымалы медициналық пунктер жұмыс істеп, уақыты жоқ тұрғындарға  өздері бармақ.  

«8 ауданда бас-аяғы 61 нүкте жұмыс істеді. Жылжымалы медициналық пунктер қоғам көп жүретін сауда орталықтары мен базарлар да, тіпті саяжайларда жүргізілді. Нәтижесінде, мүлдем медициналық тексерістен өтпеген 5 мың 480 адам алғаш рет өз денсаулықтарын тексертіп көрді.Ал  2 мың 893 пациент диспансерлік тізімге тұрғызылды.  4 мың 411 азаматтың денсаулығында ешқандай науқас белгілері анықталмады»,  дейді Алматы қаласы қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев.