Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2019

Ерлан Саиров: Саяси жүйені либерализациялауға алғышарттар дайын (видео)

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы саясаткер Ерлан Саиров Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында айтып берді.

Ерлан Саиров: Саяси жүйені либерализациялауға алғышарттар дайын (видео)

«Ең негізгі мәселе – Президент біздің еліміздегі экономикалық дамуды жалғастыру үшін «Еліміздегі саяси-әлеуметтік дамусыз экономикалық өрлеу мүмкін емес» деген тезисін қайта қайталады. Кеңес мүшелері еліміздегі саяси реформалар жөніндегі өздерінің ұстанымдарымен, айтқан ойларымен келісті. Еліміздегі саяси жүйені либерализация жасау, белгілі бір қоғамдық эволюция жүргізуге алғышарт бар деген ойдамын. Сонымен бірге, еліміздегі саяси трансформацияға, әлеуметтік мәселелерді шешуге талпыныс бар. Нақты ұсыныстарымызды Президент Әкімшілігіне беретін боламыз», - деді Ерлан Саиров. 

Ерлан Саиров бұл шаралар бұрынғы жүйеге сын емес, ары қарай эволюциялық дамудың жолы деп атап өтті. 

«Эволюция – мемлекет дамуының ең негізгі күретамыры. Біздің алдымызда еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық процестерін эволюциялық үлгіде сапалы деңгейге өткізу міндеті тұр. Ең негізгісі – ендігі мәселелер қоғам мүшелерімен, халықпен бірлесіп, ақылдасып шешіледі деген нақты бір ұсыныс айтылды. Біздің топ еліміздегі негізгі бес заңға өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныс берді. Осы ұсыныстарды нақтылау үшін Президент жұмыс істеуге тапсырма берді», - деді сарапшы.

Еске сала кетсек, бүгін елордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтті.