Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2019

Атырау қаласында Динара Сәдуақасованың Шахмат академиясы ашылды

164 реткөрсетілді

Атырауда еліміз бойынша тұңғыш рет халықаралық гроссмейстер, шахматтан бірнеше дүркін әлем чемпионы, Қазақстанның белгілі шахматшысы Динара Сәдуақасованың Шахмет академиясының филиалы ашылды,  деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

150 адамға арналған, аумағы 450 шаршы метр ғимараттағы Шахмат академиясы Ерниязов көшесіндегі №16 үйдің төменгі қабатында орналасқан. Мұнда топпен және жеке үйренуге арналға арнайы бөлмелер бар. Академияда шахматты шетелде біліктілігін арттырған мамандар үйрететін болады. Сонымен қатар, Динара да онлайн сабақтар беріп, мастер-класс өткізу үшін арнайы келіп тұрады.

«Біз барынша ірі, халықаралық турнирлер өткізіп тұруға тырысамыз. Атыраулық балалар үшін біліктілік турнирлерін өткізіп тұрудың маңызы зор. Турнирлер туралы ата-аналар мен балалар алдын ала біліп отыруы үшін жыл соңына дейін біз арнайы күнтізбе жасаймыз. Тағы айта кететін бір жағдай, мұнда мүмкіндігі шектеулі, жетім және аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар үшін тегін үйрену мүмкіндігі бар», - деді Динара Сәдуақасова.

Салтанатты шараға Атырау облыстық шахмат федерациясының вице-президенті Сабырбай Ғайсин, Маңғыстау облысы шахмат федерациясының президенті, Ақтау қаласының құрметті азаматы Меңдеш Салихов, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев, сонымен қатар, облыстық жастар басқармасының басшысы Роллан Құспан қатысты.

Сонымен қатар, Академияның ашылу салтанаты аясында жүлде қоры 800 мың теңгелік «Atyrau chess open 2019» турнирі ұйымдастырылды. Сайысқа 6-72 жас аралығындағы 100-ге жуық шахматшы қатысты. Ойын нәтижесі ертең белгілі болады.

Айта кетейік, Динара Сәдуақасованың Шахмат академиясына 4 жастан асқан балалар және ересектер жазыла алады. Барлық ақпарат www.atyrau_academyofchess.kz сайтында орналасқан, сондай-ақ 8 702 341 51 51 телефон номері арқылы да білуге болады.

Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 6

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Дәуір белесінің авторы

Әдебиет • Кеше

Мінез жұмбақтығы

Әдебиет • Кеше

Әуезовтің жалғасы

Әдебиет • Кеше

Ғасыр эпопеясы

Руханият • Кеше

Өрісі кең, өрелі

Руханият • Кеше

Хат қоржын (22.10.2019)

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар