– Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің барлық мүшелері бұл жиын қалай өтер екен деп аздап қобалжыған едік. Бұл жаңа орган болғандықтан регламенті – бір-бірімізбен қалай уағдаласатындығымыз өте маңызды болды. Өйткені кеңеске 40-тан астам адам қатысты. Шындығына келгенде, сарапшылардың деңгейі өте жоғары. Әрқайсысының артында үлкен ұжым не болмаса үлкен тәжірибе тұр. Сондықтан барлығымен бір уағдаластыққа келу өте қиын. Барлық қатысушылар өз топтарында өте нақты баяндама әзірлеген екен. Өзім қатысатын экономикалық мәселелер жөніндегі топқа қатысты айтар болсам, біз екі баяндама жасадық және нақты пікірімізді білдірдік. Бұған қоса, сөз сөйлеушілердің барынша ашық болғаны ұнады. Бүгінгі отырыс барысында айтылған ескертпелерді қатысушылар, ең алдымен Президент Әкімшілігі қаперге аларына үміт артамын, деді А. Байтасов
Бұл туралы Арманжан Байтасов Ұлттық кеңестің отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты.
Президентке жасанды интеллект саласындағы отандық өнімдер таныстырылды
Президент • Бүгін, 19:13
Жеке тұрғын үйлер кәріз жүйесіне қосылды
Аймақтар • Бүгін, 18:31
Ауыр атлетика федерациясының президенті ауысты
Спорт • Бүгін, 18:00
Көлікке жылқы тиеп алған Қарағанды тұрғыны ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 17:39
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы сотталды
Оқиға • Бүгін, 17:15
Абай облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:01