Қоғам • 09 Қыркүйек, 2019

Басым бағыттар талқыланды

203 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы басым бағыттар елдегі әлеуметтік мәселелердің оңтайлы шешім табуына жол ашады. Бұл туралы кеше Еуразиялық интеграция инс­титуты сарапшылары бас қосқан жиында кеңінен сөз болды.

Басым бағыттар талқыланды

Жиында айтылғандай, Пре­­­­зиденттің алғашқы Жол­­да­уы сарапшылар қа­уымы­ның ғана емес, қалың бұ­қа­­­раның арасында да зор қызығушылық тудыр­ды. Баяндамашылар Жол­дауда стра­тегиялық, эконо­ми­ка­лық, сая­си даму вектор­лар­дың қамтылуын кеңінен әңгі­ме­леп, басым бағыттарға тоқталды. Еура­зиялық интеграция институты дирек­то­рының орынбасары Дар­хан­бек Жұманғалиевтің ай­туын­ша, Жолдауда ел дамуы үшін аса маңызды көкей­кес­ті мәселелерді қамтып, оның шешу жолдарын  айқын көрсетті. Сондай-ақ бірқатар мемлекеттік орган­ға нақты тапсырмалар берілді. Жиында сөз алған PhD докторы Дәурен Базаров 90-шы жылдары қабылданған құ­жаттарда тәуелсіздік, ел­дік, тіл мәселесі көтерілсе, одан кейін біртіндеп елдегі әлеуметтік мәселелер назарға алынғанын, ал кешегі Жол­дау­да басымдық беріліп отырған маңызды сала­лар­дың ішінде адам капиталын дамыту, құқық қорғау салаларына ерек­­ше көңіл бөлінгенін атап өтті.

− Әлемдегі дамыған ел­дер­­дің үлгісін алар болсақ, адами құндылықтардың жол­­ға қойылғанын көреміз. Мы­са­лы, кешегі Жолдауда қам­тылған бейбіт, рұқсат етіл­ген митинг­терді ұйым­­дастыру Батыс ел­де­рінде қалыпты үдеріс. Со­ны­мен қатар жұмыс режі­мінің қалып­тасуы, соған сай жа­ла­қы төленуі, еңбек қабі­летінің дұрыс бағалануы сынды оң тәжір­ибелердің енгі­зіл­уі міндет­теліп отыр. Бұған қоса, әлеу­меттік, саяси, идео­­логиялық бағыт­тар­ да Жол­­дауда жан-жақты қам­тылған, – деді сарапшы.

Жиналғандар Президент бас­тамаларының орындалуы үшін құзырлы органдар ғана емес, қоғам болып жаппай атсалысу керектігін жеткізді.