Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2019

«Тіл - татулық тірегі» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

689 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Рухани жаңғыру» бағдараламасы аясында Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан халқының тілдері күнін мерекелеу аясында «Тіл - татулық тірегі» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

«Тіл - татулық тірегі»  республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

Іс-шараны Алматы қаласындағы Достық үйінің жұмысын қамтамасыз ету қызметінің жетекшісі Талғат Алдажаров ашып, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Саттар Мәжітовтың конференция қатысушыларына арнаған құттықтау сөзін оқып шықты. 

Іс-шараны  философия ғылымдарының докторы, Д.А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының профессоры Гүлмира Біләлова жүргізіп, қатысушылармен тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өзекті мәселелерін талқылап, елімізде тұрып жатқан ұлт өкілдерінің тілі мен мәдениеті дамуына қатысты өзекті ойларымен бөлісті.

Конференция жұмысына  Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің директоры Бақыт Шпекбаева филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Асылы Осман, - «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі жетекшісінің орынбасары Шахисмаил Асиев, - филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығы жанындағы Ұйғыртану кеңесінің төрағасы Руслан Арзиев,  «Филия» Қазақстан гректері қауымдастығының жетекшісі Георгий Иорданиди,  педагогика ғылымдарының кандидаты, Д.А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының доценті Алима Сқағиева, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Мұражай-үйдің директоры, филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті Райхан Имаханбет,  филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры Анар Салқынбай,  филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының доценті Айнұр Қаршығаева, - «ИнтерЛингва» лицейінің директоры Мерейхан Жұмағалиев қатысып, баяндама жасады. Сонымен қатар конференция жұмысына Қазақстан халқы ассамблеясы республикалық этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, мүшелері және жастары, тілші-ғалымдар, зиялы қауым, қоғам қайраткерлері, Қазақстан халқы ассамблеясының Алматы қаласындағы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелері, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Д.А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының, П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің колледжі мен «ИнтерЛингва» лицейінің білімгерлері қатысты.

Шара аясында этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелеріне (А. Осман, Ш. Асиев, В. Шихотов, Р. Кайрыев, Г. Иорданиди, Р. Ахмедов), әріптес ұйымдар өкілдеріне (Т. Әмреев, Ж. Өмірәлі, М. Жұмағалиев, К. Шуженова) және «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелеріне (Е. Бексұлтанов, А. Мәжітов, Х. Бақтығалиқызы, М. Сулейманов, Б. Болатұлы, Р, Сатарова, М. Ағысова, Г. Дураченко, Е. Байзақов, С. Шихотов) Қазақстан халқы ассамблеясы атынан Алғыс хаттар табыс етіліп, ҚР Ұлттық кітапханасы тарапынан «Тіл - ұлттық белгі, халықтық мұра» кітап көрмесін ұйымдастырылды. Сондай-ақ, П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің қазақ ұлттық аспаптар ансамблі және Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығының шығармашылық ұжымы сазды әуендерін ортаға салды.

 

АЛМАТЫ