Экономика • 09 Қыркүйек, 2019

Сауда және интеграция министрлігі online сатып алушылардың құқықтарын қорғау шараларын күшейтеді

29 реткөрсетілді

Қазақстанда Электрондық коммерцияны дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған жол картасы бекітілді, ол 2025 жылға қарай электрондық сауданың үлесін қазіргі 2,9%-дан 5%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы  Үкімет үйі алаңында өткен баспасөз конференциясында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

«Электронды сауданы дамыту үшін бізде барлық заңнамалық жағдайлар жасалған. Заманауи сауда форматтарына да көп көңіл бөлінуде. 2019 жылғы 2 сәуірде Бизнес ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу туралы Заң қабылданды, онда электрондық және биржа саудасын дамыту көзделген. Тиісті инфрақұрылым жасалуда. Қазір нарықта 20-ға жуық платформа бар және шамамен 1700 кәсіпкер электронды коммерцияда жұмыс істейді», деп нақтылады Б. Сұлтанов.

Оның айтуынша, Қазақстан жетекші әлемдік корпорациялардың көмегімен интернет арқылы сауданы дамытуды көздейді. 2019 жылғы 26 тамызда Министрлік пен Ресейдегі №1 «Wildberries» онлайн-ритейлер арасында Өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған, онда «Wildberries» қатысатын барлық аумақта электрондық сауда арналарын қолданып, қазақстандық экспорттаушылардың халықаралық саудаға қатысуы қарастырылған. Қазақстандық тауарларды экспорттауды ілгерілету үшін басқа да шетелдік интернет-алаңдарымен осындай жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр.

«Біз олармен бірге электронды сауданы дамыту жүйесін әзірлеп, оның үлесін арттыратын боламыз. Бүгінде оның жылдық бөлшек саудаға қатысты үлесі - 2,9%. Мемлекет басшысының Қытайға сапары аясында Alibaba тәрізді ірі электронды алаң өкілімен кездесу жоспарланған. Бұл салада салмақты ойыншылардың болуы бізге едәуір әрі дұрыс бағытта дамуға мүмкіндік береді. Біздің кәсіпкерлеріміз әлемдік ойыншылармен белсене ынтымақтастық орната алады, нәтижесінде бұл Қазақстанда электронды коммерцияны қарқынды дамытуға мүмкіндік береді», деді Б. Сұлтанов, интернет саудадағы ірі субъектілермен ынтымақтаса жұмыс істеу қазақстандық өнімді экспорттауға мүмкіндік беретінін нақтылап. 

Б. Сұлтанов атап өткендей, түсіндіру мәселелеріне баса назар аударылатын болады, өйткені электронды коммерцияда сенім мәселесі аса маңызды.

«Енді сатып алушы кәдімгі саудадағы сияқты электрондық саудада да сол шамада қорғалатынын қосымша атап өтемін. Жалпы біз тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін қайта қарауды жалғастырудамыз және оны іс жүзінде барынша пәрменді еткіміз келеді. Қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жақсарту бойынша жұмысымыз нақты бір бағытта жүргізіледі: еліміздің әрбір тұтынушысында сапалы өнім болуы тиіс. Біздің мақсат – «азық-түлік құбырын» – өндірістен бастап түпкілікті сатып алушыға дейін орынды және қолайлы тізбегін құру. Қазақстанда болсын немесе оның шегінен тыс болсын», деді министр Бақыт Сұлтанов. 

Соңғы жаңалықтар

Жақсы дәстүр жалғасады

Руханият • Бүгін, 08:49

Алаштанушы ғалымның белесі

Руханият • Бүгін, 08:47

Игілікті еңбек иесі

Қоғам • Бүгін, 08:46

Намазалы Омашұлы: Ел шежіресі

Руханият • Бүгін, 08:42

Тараз шаһарындағы тамаша түн

Аймақтар • Бүгін, 08:39

Тұңғыш Тіл форумы өтеді

Қоғам • Бүгін, 08:36

Патриархтың орындалған парызы

Руханият • Бүгін, 08:33

Кедергісіз келешек

Қоғам • Бүгін, 08:31

Жошы ханға ескерткіш орнатылады

Руханият • Бүгін, 08:24

Қазақтардың атқа міну мәдениеті

Қазақстан • Бүгін, 08:22

Еуроны сатып алушылар көбейді

Экономика • Бүгін, 08:20

АQR: 14 банкті «сауықтыру» керек пе?

Экономика • Бүгін, 08:15

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 6

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ұқсас жаңалықтар