Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2019

Алматыда қатерлі ісіктің алғашқы белгілерін анықтайтын зертхана ашылды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасына сәйкес Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы келісім нәтижесінде құрылған медициналық орталықта сегіз сала бойынша мамандар қызмет көрсететін болады. Орталықта балаларға арналған бөлімдер де қарастырылған.

Алматыда қатерлі ісіктің алғашқы белгілерін анықтайтын зертхана ашылды

Емдеу орталығы серіктесі Сеул Ұлттық университеті ауруханасымен бірлесіп қатерлі ісік ауруларына скринингтік тексерулер өткізетін болады. Ал болашақта Кореядағы үздік зертхананың бірін Қазақстанда ашу жоспарланып отыр. Бұдан соң жұқпалы және тұқым қуалайтын ауруларды анықтайтын Сингапурлық технологияны енгізбек.

«Тың технологиямен жұмыс істейтін зертханада дертті адам ағзасынан дер кезінде табуға барлық мүмкіндік бар. Заманауи аппараттарды орнатудағы мақсат – сапалы диагностика жасап, пациенттердің уақытында ем алуына жағдай жасау»,  дейді бастамашылар.

«Бұл – онкологиялық ісік аурулардың ерте ісік шықпай тұрғанда анықтайтын технология. Мысалы инфекция, 17 вирустың қай вирусын қай екенін 95 пайыз дәл айтады. Суықтап қалған жағдайда, ішкі құрылыс ифекциясын да көрсетеді. Міне, сондай соңғы көптеген технологиямен істейтін техникалар бар», деді зертхана директоры Ғалымжан Тоғызбаев.

 

 

АЛМАТЫ