Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2019

Баум бағы қайта қалпына келтірілмек

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 Өткен демалыста қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бақты өзі аралап, қордаланған проблеманы түртіп алды.

Баум бағы қайта қалпына келтірілмек

Жаяу жүргіншілер жолы, балалар алаңқайы мен жарықтандыру. Бұл – Баум тоғайының басты проблемалары. Дәл осы олқылықтар жақын күндері шешімін таппақ. Тіпті, саябақ аймағының сызбасы да дайын. Аудан билігі қалпына келтіру жобасын, жан-жануарларға зиян тигізбей жүзеге асырмақ.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев екінші газ тарату стансасының жұмысымен танысты. Тұрғындар осы уақытқа дейін газдың исіне тұншығып жатырмыз деп шағымданған болатын. Қала әкімі тез арада станса жұмысын жолға қойып аталған олқылықтың орнын толтыруды тапсырды. Тиісінше, «ҚазтрансГазАймақ» газ тазартатын қосымша сүзгі орнатыпты. Сонымен қатар, ГРС-2 қуатын Алматыдан тыс жерге көшіру және стансаны газ тарату пунктіне айналдыру да жоспарлануда.

Аталған бастаманы жүзеге асыру барысында 3750 үйді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

Одан өзге Бақытжан Сағынтаев Айнабұлақ маңындағы сайда орналасқан жекеменшік үйлерге де назар аударды. Ондағы құрылыс заң талаптарына жауап бермейді. Қала әкімі аталған проблеманы өз бақылауына алатынын жеткізді. Одан кейін, әкім Үлкен Алматы Арнасын да аралап, нысанды күрделі жөндеуден өткізу қажет деген тапсырма жүктеді.

Келер жылдың мамыр айынан бастап оған су жіберілмек. 

 

Алматы