Алты Алаш ықшамауданының 11 көшесінде сыртқы жарықтандыру жұмыстары жүргізілсе, қазіргі таңда Қалқаман ықшамауданындағы 12 көшеге түнгі шамдар қойылып жатыр. Наурызбай ауданының әкімдігі алдағы 3 жылдың ішінде қалған 245 көшені толығымен жарықтандырамыз деді. Жыл басынан бері Алматыда 140 шақырым сыртқы жарықтандыру желісінің құрылысы аяқталды. Алатау, Әуезов, Жетісу, Медеу және Наурызбай аудандарының аумақтарында LED-шамдар орнатылды.
«Алатау ауданында жалпы 730 көше бар. Оның 262-і жарықпен толық қамтамасыз етілген. 2019 жылға Алатау ауданы бойынша 65 көшеге көше жарықшамдары орнатылады деген жоспарымыз бар. Қазіргі уақытта ақшасы бөлініп қойды. Нақты Әйгерім ықшамауданы бойынша 23 көшеге көше жарықтары орнатылатын болады», деді Алматы қаласы Алатау ауданы көріктендіру бөлімінің бас маманы Нұрсұлтан Мырзатай.
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындар тарапынан айтылған мәселелердің оң шешім табуын тұрақты қадағалап, басты назарда ұстайды.
АЛМАТЫ