Қоғам • 10 Қыркүйек, 2019

ҚарМУ ректоры пара берді деген күдікке ілінді

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады. 



ҚарМУ ректоры пара берді деген күдікке ілінді

«Ол Білім және ғылым министрлігі «Ғылым қоры» АҚ Басқарма Төрағасына ғылыми жобаларды қаржыландыру және жалпы қамқорлық туралы мәселені оң шешкені үшін 5 мың АҚШ доллары сомасында пара берді деген күдікке ілініп отыр»,- делінген хабарламада. 

Сондай-ақ агенттік «Ғылым қоры» АҚ Басқарма Төрағасының үстінен пара алу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешім олардың кінәлілік дәрежесін анықтаумен сот шығарады.

Қылмыстық іске қатысты соңғы шешімді сот шығарады.