Спорт • 10 Қыркүйек, 2019

Шаңғымен жарысудан Қазақстанның жазғы чемпионаты аяқталды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Щучинск қаласындағы «Бурабай» халықаралық кешенінде шаңғымен жарысудан Қазақстанның жазғы чемпионаты аяқталды. Турнирге Қазақстанның 11 аймағы мен Ресейден келген 130 спортшы қатысты.

Шаңғымен жарысудан Қазақстанның жазғы чемпионаты аяқталды

Чемпионат барысында жалпы есебі 12 медаль жиынтығы сарапқа салынды.  «Аталған біріншілік Халықаралық шаңғымен жүгіру федерациясының қолдауымен өткізілді. Сондай-ақ, шаңғы жарысынан халықаралық күнтізбеген енгізілген. Спорттың бұл түрінен келесі ірі жарыс 11-14 қараша күндері дәл осы жерде ұйымдастырылады. Осы аралықта Халықаралық федерация күнтізбесіне енгізілген Құрлықтық кубок өтеді», - дейді Ұлттық шаңғымен жүгіру федерациясының вице-президенті Никита Девяткин. 

Жалпыкомандалық есепте 12 медаль иеленген Ақмола облысы көш бастады. Екінші орында ШҚО, үшінші сатыда Павлодар облысы.