Қоғам • 10 Қыркүйек, 2019

Латын графикасының негізінде жалпыұлттық диктант өтті

45 реткөрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасында, сондай-ақ еліміздің барлық облыстары, қалалары және аудандық кітапханалар мен ЖОО-да латын графикасы негізінде қазақ тілінде жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі хабарлады.  

Іс-шараның мақсаты – этносаралық коммуникация тілі ретінде мемлекеттік тілдің маңызын нығайту. ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаев: «Мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктант жазу – Қазақстан халқы Ассамблеясының төл жобасы. Оның мақсаты қоғамымызда халықты ұйыстырушы фактор – мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту. Қазақстан Халқы Ассамблеясы ұйымдастыруымен республика бойынша диктантқа 180 мыңға жуық адам қатысып отыр. Диктант – жыл сайын Қазақстанның тілдері күні шеңберінде, ел өміріндегі ерекше оқиғалардың ең маңыздысын арқау ете отырып, жазылады»,- деп атап өтті.

2017 жылы «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі қабылданғанда, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің барлық елді мекендерінде осы патриоттық актіге арналған жалпықазақстандық ашық диктант өткізуге бастама көтерген болатын. Бұл бастаманы барша мемлекеттік органдар, жоғары оқу орындары, зиялы қауым мен этномәдени бірлестіктер өкілдері қызу қолдап, содан бері бұл іс-шара игі дәстүрге айналды.

Диктантты Ассамблеяның, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің және бірнеше министрліктің тілдерді дамыту басқармаларының мамандарынан құрылған комиссия тексереді. Диктантты ең үздік жазған қатысушыларға Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаты табыс етіледі. 

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Лисаковтың «Бәйтерегі»

Аймақтар • Бүгін, 09:36

Шахмардан тербелген талбесік

Руханият • Бүгін, 09:19

Көк айдында көршілер жаттығуда

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Бұқара қамын ойлаған басшы

Қоғам • Бүгін, 08:50

Оқу мәдениеті

Қоғам • Бүгін, 08:45

Өзбек туризмі ояна бастады

Қоғам • Бүгін, 08:43

Алаштың айбоз абызы

Руханият • Бүгін, 08:38

Қыста қысылмаймыз ба?

Қоғам • Бүгін, 08:31

Халық пікіріне құрмет

Саясат • Бүгін, 08:18

Ядролық қарусыз әлемге жол

Қазақстан • Бүгін, 07:59

Ұқсас жаңалықтар