Әлем • 11 Қыркүйек, 2019

Apple жаңа өнімдерін таныстырды

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Apple-дің бас директоры Тим Кук Калифорнияда өткен дәстүрлі шарада компанияның жаңа өнімдерін таныстырды.  

Apple жаңа өнімдерін таныстырды

Кезекті күзгі таныстырылым шарасында тұтынушыларға Apple жаңа ұялы телефондар, планшеттер мен сағаттарын ұсынды. 

Осыған дейін бүкіл әлем назарында болған үш камералы iPhone 11 Pro мен жаңа телефонның тағы екі үлгісі таныстырылды.   

Apple

Компанияның айтуы бойынша, жаңа телефонның өнімділігі осыған дейінгі үлгілерімен салыстырғанда жоғары, қуаты төрт сағатқа көбірек жетеді екен.

Жаңа ұялы телефондар бағасы шамамен 1000 доллардан басталады. Осы жұмадан бастап алдын ала сатып алуға болады. Әдетте сатылымның алғашқы күнінен бастап әлемнің ірі қалаларында орналасқан компания дүкендерінің алдында жаңа телефон иеленгісі келгендер ұзын-сонар кезекке тұрады.

Сондай-ақ өндіруші биыл жаңа үш виртуалды ойынның демо-үлгілерін ұсынды.   

Apple