Спорт • 12 Қыркүйек, 2019

Данияр Елеусінов пен Решард Хикс жекпе-жегін қайдан көруге болады?

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 қыркүйек күні Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) америкалық боксшы Решард Хикспен (12-0-1, 6 КО) жұдырықтасады. Бұл Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы сегізінші кездесуі.

Данияр Елеусінов пен Решард Хикс жекпе-жегін қайдан көруге болады?

Шара Нью-Йорк қаласындағы әйгілі Madison Square Garden аренасында он раундтық форматта өтеді. Елеусінов-Хикс кездесуі WBC тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпион титулы үшін америкалық Девин Хэйни (22-0, 14 КО) және ресейлік Заур Абдуллаев (11-0, 7 КО) арасындағы бокс кешінің аясында болады.

Елеусінов пен Хикс арасындағы жекпе-жекті 14 қыркүйек күні сағат 06:00-де «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов – 28 жасар қазақстандық боксшы, кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегі 2018 жылдың 28 сәуірі күні Нью-Йорк қаласында өтті. Кездесуде боксшы америкалық Ноа Киддты үшінші раундта нокаутқа жіберді. Соңғы жекпе-жегінде  Луис Норамбуэн (3-1-1, 2 КО)  кездесіп, алты раунд айқасты. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен Елеусінов жеңімпаз атанды (60-54, 60-54, 59-55).  

Решард Хикс – 34 жасар америкалық боксшы, кәсіпқой рингте өткізген 13 жекпе жектің 12-іне жеңіске жетіп, бір рет тең түскен.