«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен менің 2019 жылғы 12 қыркүйектегі бұйрығым бойынша Батыржан Күлімергенұлы Байжұманов Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды», деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бейсенбі күні өткен кеңесте.
Батыржан Байжұманов 1976 жылы туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін және Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген. Мамандығы бойынша – ғалым агроном, мемлекеттік басқару менеджері. 2008 жылы «Децентрализация» бағдарламасы арқылы Дьюка университетінде (АҚШ) білім алды.
Еңбек жолын 1999 жылы бастап, Алматы қаласындағы бизнес құрылымдарында жұмыс істеді.
Әр жылдарда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде, сол сияқты Премьер-Министр Кеңсесінің аға маманы, сарапшысы, Президент Кеңсесінің аға, бас сарапшысы, консультанты, Президент Әкімшілігінің инспекторы, мемлекеттік инспекторы, «КазАгроИнновация» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
2017 жылдың сәуір айынан – Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы.