Президент Қ.Тоқаев әлемде қарқынды дамып келе жатқан маңызды сектор – туризмнің экономикалық дамудың локомотиві бола алатынын жетік сезінеді. Өйткені туризм тікелей және жанама түрде халықты жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Туризм тікелей түрде саладағы қызметтерді іске асыруға жұмыс күші мен мамандарды талап етсе, жанама түрде салаға қызмет ететін секторлардың дамуына әсерін тигізеді.
Сонымен қатар әуе билеттері туристік пакеттердің басты шығынын құрайды. Әуе тарифтерінің жоғары болуы Қазақстанда туризм дамуына кедергі болып келсе, енді жол шығындарының төмендеуі туризмнің қарқынды дамуына, табиғаты сұлу, мәдениеті терең Қазақстанның әлемдік туризм бағыттарына қосылуына кепіл болады.
Хосам ДАРУИШ,
Араб мемлекеттері лигасы Араб туризмі ұйымы бас хатшысының орынбасары