Ал алдағы жылы облыста тағы 195 ауылдық округ дербес бюджетке өтетін болады. Осыған орай бұл ауылдарда көптеген мәселелер, оның ішінде оңтайландыру мен ауылдарды ірілендіру мәселелері алдымен шешімін табатын болады.
«Мысалы, аз ғана тұрғыны қалған ауылдарда ауылдық округ басшылығын ұстау тиімді емес, ол үшін қаншама қаржы кетеді. Ауылдарды ірілендіріп, қаржыны үнемдесек, ол сол жердегі әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға жұмсалатын болады. Мұны ауылдағы ағайынға барынша түсіндіру керек» деді «дөңгелек үстел» мәжілісінің модераторы болған облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов.
Мәжілісте ауыл әкімдері сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар екінші жыл төртінші деңгейдегі бюджетпен жұмыс істеп жатқан ауылдық округтердің жақсы тәжірибесі де ортаға салынды.
Қостанай облысы
Қарасу ауданы