Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2019

Қостанайда ауыл шаруашылығындағы ең ықпалды бизнесменнің біріне қатысты қылмыстық іс сотта қаралады

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы ғана емес, Қазақстандағы ең ірі ауыл шаруашылық холдингі болған «Иволга-Холдинг» ЖШС бұрынғы жетекшісі Василий Розиновке аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен кінә тағылып отыр. Облыстық соттың баспасөз қызметі оның ісі сотқа түскенін хабарлады.

Қостанайда  ауыл шаруашылығындағы ең ықпалды бизнесменнің біріне  қатысты қылмыстық іс сотта қаралады

Қостанай қалалық №2 сотта «Иволга-Холдингтің» бұрынғы бас директоры Василий Розиновке қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК 177-бабының 4 - бөлімінің «б» тармағы бойынша (ҚК 1997 жылғы редакциясы), яғни аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен қаралады. Сот үстіміздегі жылдың 17 қыркүйегінде басталады. Розинов тергеу аяқталғанша кепілдікпен үйінде болды. Сот кезінде бұлтартпау шаралары сол күйінше қалады.

Василий Розинов еліміздегі аса ірі агрохолдингінің иесі және Қазақстандағы бай, ең ықпалды бизнесмендердің де бірі болды. «Иволга Холдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ісі 2016 жылдан бастап шатқаяқтай бастаған. Ал 2017 жылдың аяғында ол «Иволга Холдинг» ЖШС бас директорлығынан кетіп, оның орнына Айдарбек Ходжаназаров келді, 2018 жылы «Иволга Холдинг» ЖШС-нің орнына «ОлжаАгро» ЖШС құрылды.

 

Қостанай