Спорт • 13 Қыркүйек, 2019

Елордада 2019 жылғы Конфедерация кубогінің жеребесі тартылды

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылғы Конфедерация кубогінің жеребесі тартылды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Елордада 2019 жылғы Конфедерация кубогінің жеребесі тартылды

Биылғы доданың іріктеу кезеңдері  5-6 қазан күндері Орал қаласында басталып, 12-13 қазан Қарағандыда, 19-20 қазан Қостанайда, 26-27 қазан Ақтөбеде жалғасады.

Жеребе нәтижесі бойынша 17 өңір келесі топтарға бөлінді: 

А тобы - Ақтөбе обл, Алматы, Атырау обл, Павлодар обл, Ақмола облысы;

В тобы - Қостанай обл, СҚО, ШҚО, Жамбыл облысы;

С тобы - Қарағанды обл, Түркістан обл, Шымкент, Нұр-Сұлтан; 

D тобы - БҚО, Қызылорда обл, Маңғыстау обл, Алматы облысы;

Жартылай финал мен финалдық кездесулер 7-8 желтоқсан күндері Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында өтеді.

Биыл жарыс бағдарламасына каратэ-до спорт түрі енгенін хабарлаймыз. Сондай-ақ, жүлде қоры 1, 2, 3-орын алған командалар арасында бөлінеді.

Конфедерация кубогінің жарыс бағдарламасына келесі спорт түрлері енген: бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрес, таеквондо, қазақ күресі және каратэ-до. Жарысқа барлық өңірлер қатысады.