Экономика • 13 Қыркүйек, 2019

Инвестиция тарту тренингі өтті

384 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үшінші мәрте өткен аймақтық семинар жұмысына Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, «Kazakh Invest» ҰК АҚ төрағасының орынбасары Біржан Қанешев, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Атырау облыстарының өңірлік өкілдері, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Инвестиция тарту тренингі өтті

– Инвестиция тарту – мем­лекеттік органдар жұмы­сын­дағы негізгі бағыттың бірі. Әр­бір инвестицияның артында жа­ңа технология, халықтың табысы, жұмысшылардың білік­тілігін арттыру, өндірістің сапасын кеңейту және жақсарту, жаңа жұмыс орындарын құру тұрады. Бірақ көбінесе әлеуетті инвестор нарықтық жағдай, салық, кеден және басқа да заңнама, жер телімдерін беру тәртібі, мемлекеттік қолдау шаралары және бизнестің дамуын анықтайтын басқа да факторлар туралы шынайы және толық ақпаратты білмей, кедергілерге тап болады, – дейді облыс әкімі Ғ.Есқалиев. Өңір басшысының айтуынша, бүгінгі таңда бұл қателіктерді түзетуге барлық мүмкіндік бар.

Тренинг Қазақстанның батыс өңіріндегі төрт облыстың мемлекеттік органдары мен даму институттарының өңір­аралық өзара іс-қимылы, «жал­ғыз терезе» қағидаты бойынша инвестициялық қызметті ұйым­дастыру мен қолдауды жақсарту мақсатында ұйымдастырылған.

Қазақстан Үкіметі барлық аймақтағы инвесторларға қолдау және көмек көрсету жөніндегі арнайы қаулы шығарды. Бұл туралы хабарлаған «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы­ төрағасының орынбасары Бір­жан Қанешев әр облыс орталығында фронт-кеңселер ашылатынын айтты. Ол кеңсе­лер «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларға анық­тамалық ақпараттан бастап ин­вес­тициялық жобаны толық сүйе­мелдеуге дейін барлық қа­жет­ті қызметтерді көрсететін болады.

– Бізде фронт офис «Смарт Орал» технопаркі базасында ашылмақ. Бұл әлемнің кез келген нүктесімен, телефон немесе интернет арқылы байланыса алатын инвесторға қажетті ұйымдастыру техникасы болады. Инвестор жұмыс істей алатын әрі қолайлы демалыс аймағына айналады, – дейді «Kazakh Invest» компаниясының өңірлік директоры Нұрлан Қайыршин.

Батыс Қазақстан облысы