Спорт • 13 Қыркүйек, 2019

Таэквондодан гран-при турнирінде төрт қазақстандық бақ сынайды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның Тибо қаласында таэквондодан әлемдік Гран-при кезеңі басталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Таэквондодан гран-при турнирінде төрт қазақстандық бақ сынайды

Әлемдік рейтингтегі үздік спортшылардың басын қосқан додада Қазақстан атынан төрт таэквондошы бақ сынайды. 

Олар - Смайыл Дүйсебай (+80 келі), Руслан Жапаров (+80 келі), Нұрлан Мырзабаев (-80келі) және Жансель Дениз (+67 келі).

Тибо қаласында 2020 жылғы Токио Олимпиадасындағы таэквондо бәсекелері ұйымдастырылады. Ал аталған сынға сегіз олимпиадалық салмақ бойынша үздіктер шақырылып отыр. 

Қазақстан сапынан рейтингте ең жоғарғы орында тұрған - Смайыл Дүйсебай. Ол алғашқы тоғыздық сапына еніп отыр.