Ұлттық экономика министрлігі атынан кездесуге вице-министр Мәди Такиев пен Салық және кедендік саясат департаменті директорының орынбасары Ботагөз Хамидуллина қатысты.
Кездесу барысында ҚР Қаржы министрлігі өкілдері сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға тексеру жүргізуге қатысты өзгерістер қарастырылатын түзетулерді таныстырды.
Таныстырылған түзетулерді талқылаудың қортындысы бойынша «Атамекен» ҰКП, бизнес өкілдерінің ескертпелері тыңдалып, сондай-ақ бірқатар түзетулерді өзгерту жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.