«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шет елдерге, өңірлерге сапарына қатысты айтар болсам, келесі аптада екі өңірге – Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына сапары алдын ала жоспарланған. Уақытын қосымша хабарлаймыз», - деді Берік Уәли.
Президент көмекшісі Мұрат Нұртілеуов АҚШ-қа сапар туралы деректермен бөлісті.
«Өздеріңіз білесіздер, сыртқы саясатта өте белсенді жұмыс жалғастырып келеміз, сабақтастық, жаңа бастамалар бар. Келесі аптада Қасым-Жомарт Кемелұлының БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясына қатысуы жоспарланған. Оның барысында Мемлекет басшысы климаттық саммитке қатысады. Содан кейін тұрақты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі саммитке қатысатын болады. Сонымен қатар біздің жоспарда Нью-Йоркке барған кезде бірнеше америкалық іскер топтармен тиісті кездесулер бар», - деді Президент көмекшісі.