Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2019

Елдегі кедейлік деңгейі II тоқсанда 4,3% - ды құрады

613 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі), 2019 жылғы II тоқсанда 4,3% - ды құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа төмен. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елдегі кедейлік деңгейі II тоқсанда 4,3% - ды құрады

2019 жылғы II тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Түркістан (11,2%), Жамбыл (5,8%) және Солтүстік Қазақстан (5,1%)  облыстарында,байқалды, ал ең төмені – Нұр-Сұлтан (0,9%) қаласында тіркелді.

 13-2kz

 

Децильдік бөлудегі үй шаруашылықтарының шығыстары табыстар сияқты айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен,  2019 жылғы II тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстарда 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 4,9 есені, азық-түлік емес тауарларға – 6,6 есені, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 6,9 есені құрады.

 13-2.1kz

 

* 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы өзгерді. Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесі ең төменгі азық-түлік себеті құнының 45%-ы  мөлшерінде белгіленді (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 296 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 354 бірлескен бұйрығы).