Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2019

Сенаторлар Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысына қатысты

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Серік Бектұрғанов, Бақытжан Жұмағұлов және Айгүл Қапбарова еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысына қатысты.

Сенаторлар Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысына қатысты

Алқа отырысында Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, еліміздің аймақтарындағы емдеу ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайындық және өлім-жітімді азайту жөніндегі шаралар қаралды.

Отырыс барысында сенатор Серік Бектұрғанов сөз сөйледі. Сенатор денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін дамыту мәселелеріне, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшу барысындағы ықтимал қатерлерге тоқталды.