Бокс • 14 Қыркүйек, 2019

Данияр Елеусінов кәсіби рингте 8-рет жеңіске жетті

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі 8-ші жеңісіне қол жеткізді деп хабарлайды Sports.kz.

Данияр Елеусінов кәсіби рингте 8-рет жеңіске жетті

Нью-Йоркте өткен бокс кешінде Олимпиада чемпионының қарсыласы жеңіліп көрмеген америкалық Решард Хикс болды. Ол осыған дейін 12 жеңіске қол жеткізген болатын және Данияр үшін ең қауіпті қарсылас деп танылды. Ал Данияр оны бірінші раундта нокдаунға жіберіп, артынан нокаутқа түсірді.

DAZN Twitter-дегі парақшасында «Қазақтар жайындай жапырды, Вау!» деп таңғалысты. Кездесу Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы бокс кешінің Hulu Theatre кіші залында өтті.

Айта кетейік, алдағы жекпе-жектерде Данияр Елеусінов чемпиондық атаққа таласады.

 

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51