Заңбұзушылық оқиғасы қыркүйектің 9-12 күндері аралығында облыс аумағында өткен «Нелегал-Арна-Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде болған. Іс-шара өткен 4 күн ішінде 445 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде шетел азаматтары 368 құқық бұзушылыққа жол берген екен. 46 шетел азаматы Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылды.
Бөрлі ауданы Полиция бөлімінің Көші-қон полициясы Ақсай қаласындағы дүкендердің бірінде заңсыз шетелдік жұмыс күшін пайдалану фактісін анықтады. Дүкен иесі елімізге тиісті құжатсыз келген шетел азаматтарын бірнеше мәрте жұмысқа тартып отырған. Қазір жұмыс берушіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 395-бабы (Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Ал Қазталов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы азаматының мемлекеттік шекараны заңсыз өткен оқиғасын анықтады. Құқық бұзушыға қатысты Қылмыстық Кодекстің 392-бабы 1-бөліміне (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Батыс Қазақстан