15 Қыркүйек, 2019

Алматы туралы үздік әннің авторы мен орындаушысын 500 000 теңге жүлде күтіп тұр

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Бүгін күндізгі сағат 16.00-де  Алматыда Қала күні аясында  MUSIQ ALA фестивалі басталады.

Бұл деректі кеше кешкісін Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы туралы үздік әннің авторы мен орындаушысын 500 000 теңге жүлде күтіп тұр

Фестивальдің басты мақсаты  - таланттарға қолдау білдіріп, оларға өнер мен көрермен жүрегінен өз орындарын  табуға көмектесу. Музыкалық топтар немесе жеке әншілер фестивальге қатысу үшін сайтқа тіркеліп, сахнаға шыға алады.

Байқауда «Үздік орындаушы» болғаны үшін жүлделі орындар қарастырылған:

  1 орын - 750 мың теңге;

  2 орын - 400 мың теңге;

  3 орын - 200 мың теңге;

«Алматы туралы үздік ән» сыйақысы - 500 мың теңге.

Фестивалге қатысушылар саны шектеулі. Жеімпазды көрермендер шараның сайтында онлайн дауыс беру арқылы анықтайды. Өнер жолына енді ғана аяқ басқан жас өнерпаздардан бөлек фестивалге JCS тобы, Әлішер Сулейменов, Олжас Байқанов, Жандос Естай, Жеңіс Нұрғали, Гүлнар Көшенова секілді белгілі өнер жұлдыздары қатысады.

Алматы әкімдігі баспасөз қызметі таратқан дерекөзде фестивалдің басталу уақыты мен өтетін жері  күндізгі сағат  сағат 16:00-де  Панфилов -Қарасай батыр көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолы деп көрсетілген.

 

 

АЛМАТЫ