23 Қаңтар, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1530

403 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1530


Сәрсенбі, 23 қаңтар 2013 5:55

2012 жылғы 4 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі

Үлескерлердiң ақшасын тарту есебiнен тұрғын үй ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Сәрсенбі, 23 қаңтар 2013 5:55

2012 жылғы 4 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі

Үлескерлердiң ақшасын тарту есебiнен тұрғын үй ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған үлескерлердiң ақшасын тарту есебiнен тұрғын үй ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жөнiндегi қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі үлескерлердiң ақшасын тарту есебiнен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 54, 521-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
11-тармақта:
1) тармақшаның он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«санаттар бере отырып, лицензияларды қайта ресімдеген кезде – осы стандартқа 8-қосымшаға сай біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар, лицензияның көшірмесі;»;
2) тармақшаның он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«санат берген кезде – осы стандартқа 8-қосымшаға сай біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар және лицензияның көшірмесі сканерден өткізілген көшірмелер түрінде электрондық сауалға қоса беріледі;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
11-тармақта:
1) тармақшаның он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«санаттар бере отырып, лицензияларды қайта ресімдеген кезде – осы стандартқа 8-қосымшаға сай біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар, лицензияның көшірмесі;»;
2) тармақшаның он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«санат берген кезде – осы стандартқа 8-қосымшаға сай біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар және лицензияның көшірмесі сканерден өткізілген көшірмелер түрінде электрондық сауалға қоса беріледі;»;
1) «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру», «Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқасын беру», «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияларға телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 және «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1128 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
11-тармақтың 1) тармақшасында мынадай мазмұндағы он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«жобалау компаниясының жарғылық қорында жарғылық капиталының елу пайызынан астамына ие құрылтайшының тұрғын үй ғимараттарын тұрғызу, оның ішінде тапсырыс беруші ретінде кемінде үш жыл тәжірибесінің болуы туралы;
жобалау компаниясының жарғылық қорында жарғылық капиталының елу пайызынан астамына ие құрылтайшының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кемінде жүз пәтерді пайдалануға беру тәжірибесінің болуы туралы;
жобалау компаниясының жарғылық қорында жарғылық капиталының елу пайызынан астамына ие құрылтайшыда кемінде жүз мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жеке капиталының болуы туралы;».
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Үлескердiң ақшасын тарту есебiнен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы»» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 607 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 340-құжат);
2) «Үлескердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 164 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 395-құжат).
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 4 желтоқсандағы №1530 қаулысымен бекітілген

Үлескерлердiң ақшасын тарту есебiнен тұрғын үй ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Р/с
№ Біліктілік талаптар Құжаттар Ескертпе
1 2 3 4
1 Бірінші кезең
1) жобалау компаниясына меншік құқығында немесе жер пайдалану құқығында тиесілі жер учаскесінің бар болуы жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі
2) құрылыстың нөлдік циклі сатысында сараптаманың оң қорытындысы бар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың бар болуы сараптама қорытындысының көшірмесі
3) банк-агентпен шарттың бар болуы шарттың көшірмесі
4) тұрғын үй ғимаратын салу үшін тұрғын үй ғимараты құрылысы құнының кемінде он бес пайызы мөлшерінде немесе кемінде нөлдік циклдегі құрылыстың баламалы құнынан кем емес мөлшерде жеке бос капиталының бар болуы банк анықтамасының көшірмесі
5) жобалау компаниясының жарғылық қорында жарғылық капиталының елу пайызынан астамына ие құрылтайшының тұрғын үй ғимараттарын тұрғызу, оның ішінде тапсырыс беруші ретінде кемінде үш жыл тәжірибесінің болуы пайдалануға тапсыру актілерінің көшірмелері, мердігерлік шарттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері
6) жобалау компаниясының жарғылық қорында жарғылық капиталының елу пайызынан астамына ие құрылтайшының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кемінде жүз пәтерді пайдалануға беру тәжірибесінің болуы пайдалануға тапсыру актілерінің нотариалды куәландырылған көшірмелері
7) жобалау компаниясының жарғылық қорында жарғылық капиталының елу пайызынан астамына ие құрылтайшыда кемінде жүз мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жеке капиталының болуы банк анықтамасының нотариалды куәландырылған көшірмесі
2 Екінші кезең
1) сараптаманың оң қорытындысы бар құрылыс объектісінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бар болуы сараптама қорытындысының көшірмесі
2) тұрғын үй ғимараты құрылысының нөлдік циклін аяқтау аралық қабылдау
актісінің көшірмесі
3) банк-агентте үлескерлердің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарға сәйкес енгізілген, тұрғын үй ғимараты құрылысы құнының кемінде он бес пайызы мөлшерінде депозиттерінің бар болуы банк
анықтамасының көшірмесі
4) құрылысты толық көлемде аяқтау үшін жеке капиталының бар болуы не тұрғын үй ғимараты құрылысы құнының кемінде жиырма бес пайызы мөлшерінде жеке капиталының және инвестормен құрылысты аяқтау үшін жеткілікті инвестициялар беру туралы келісімнің бар болуы банк
анықтамасының көшірмесі
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсететін ұйыммен шарттың бар болуы шарттың көшірмесі