Руханият • 16 Қыркүйек, 2019

Үш ішекті ұлттық көне аспаптардың бірі – шертер аспабы

1698 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақ халқының музыкалық аспаптарының тарихы жайында сөз қозғағанда бірден көз алдымызға бірден домбыра, қобыз, шертер, сыбызғы сияқты түрлері келеді. Әрі музыкалық аспаптар туралы деректер көп жағдайда көшпелелер тарихына қарай бойлап, жаугершілік заманда хабар беру мақсатында, аңды үркітуге, діни салт-жоралғыларда, ән-күйшілік өнер мен қатар шипагерлік өмірде де қолданысқа ие болған.  

Үш ішекті ұлттық көне аспаптардың бірі – шертер аспабы

Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің қорында сақталған аспаптардың әрқайсысының өзіндік тарихы бар. Осы орайда үш ішекті, шертіп ойнайтын, қазақтың аспаптық музыка мәдениетіндегі көне аспаптардың бірі – шертер аспабы жайында танымдық мақсатта сөз қозғағанды жөн көріп отырмыз.  Музей мәліметтеріне сүйенетін болсақ, көбінесе ән-жыр, дастандарды қостауға арналған, бақташылар арасында кең таралған аспап. Бұл құралдың ерекшелігі шертердің құрылысы мен формасы негізінде домбыраға ұқсас болған, мойны, қысқа, қыл ішек тағылған, үлкендігі қобыздай. Қырғыздың комузы секілді шертер де пернесіз. Шертердің ескі суретін біз суретші, поляк революционері Бронислав Залесскийдің 1865 жылы «Қырғыз далаларындағы тіршілік» атты альбомын оқи отырып Б. Сарыбаев көптеген мағұлмат алады. Маңғыстау жеріне жер аударылған Залесский өзінің альбомында қазақ ертегілерін жазып, ол ертегілер бойынша өзінше суреттер де салған. Гравюралық бір суретте Мырзақай  деген жыршы бейнеленген. Оның қолында мойны қысқарақ, пернесіз, шанағы ойықша етіп жасалған шағын аспап бейнеленген. Аспапты сол қолына ұстап, оң қолының саусақтарымен шертіп ойнайтыны көрініп тұр. Сондықтан бұл аспапты Сарыбаев шертер деп тұжырымдады. Және мұны ол музыка аспаптарын жасайтын экспериментальды шеберханада альбомда көрсетілген шертердің үлгісін жасады.

Шертерге үш ішек тағылады және ол мынадай негізгі үш бөлімнен тұрады: аспаптың шанағы, мойыны және басы. Шертердің шанағына жататын бөліктер мыналар: бет қақпағы, шанағы (кеудесі), тері, тиек және ойық. Жетілдірілген шертердің мойынында пернелер тізбегі саны 22 (ал көне шертерде пернелер болмаған). Аспаптың басында, үш үш ішекті болғандықтан, үш құлағы бар. Шертер шанағының төменгі жағында үш түймесі бар, бұл түймелерге үш ішек бекітіледі. Шертердің ең негізгі ерекшелігі оның шанағының жартылай терімен қапталғандығында, осы терінің сапасына байланысты дыбыс тербелісі де әртүрлі болады. Шертерге ешкі мен түйенің терілері иленіп, өңделіп тартылады.

 

АЛМАТЫ