Атап айтқанда, жатыр мойыны обыры хирургиясындағы лапароскопияның мүмкіндіктері мен шектеулері, онкогинекологиядағы инновациялар тақырыбында сөз қозғады. Ал операияларды трансляциялау кезінде 3D «Жатыр мойыны обыры. Вертгейм операциясы» және «Ретроцервикалды эндометриоз – ішек кесу» сәтті өтті.
Украиндық жоғары санаттағы дәрігер, хирург Сергей Байдо аналық безі обырының таралған түрі кезіндегі лапароскопиялық толық бірінші циторедукцияның дүниежүзіндегі алғашқы тәжірибесімен бөлісті. Ал Ресейдің Санкт-Петербор шаһарынан келген медицина ғылымдарының кандидаты Александр Басос электрохирургияның физикалық негіздері туралы айтып берді. «Обыр эндометрия ICG» және «Парааорталы, жамбас лимфодиссекция» атты оталар жүргізілді. Сондай-ақ репродуктивтік жастағы әйелдерде жатыр мойыны патологиясын емдеудің қазіргі заманғы әдістері мен бастауыш эндоскописттің дағдыларын дамытудағы Wetlab рөлі жайлы айтылды.
Сонымен қатар бүгін гистероскопия мектебі ұйымдастырылды. Оның аясында Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы базасында, өңірдегі гинекологиялық науқастарға медициналық көмек сапасын жақсарту және акушер-гинекологтардың біліктілігін арттыру мақсатында «Оперативті гистероскопия» тақырыбында білім жетілдірудің циклы өтті.
Оқуға облыстағы мемлекеттік және жеке клиникаларындағы акушер-гинеколог және хирург мамандар белсенді қатысты. Дәріс беруші лектор - Н.И.Пирогов атындағы Ресей мемлекеттік медицина университетінің профессоры, медицина ғылымының докторы Лаура Каппушева болды. Лекция барысында жатыр қуысы қабырғаларын гистероскопия тәсілі арқылы тексеру, жатырішілік паталогияларды анықтау, тіндер биопсиясын алу, обыр сатысын анықтап, емдеу тәсілін таңдау және т.б сұрақтар қамтылған.
Алда ресейлік мамандардың қатысуымен гинекологиялық науқастарды резектоскопия, аналық бездің қатерсіз өспелері, жеңіл эндоскопиялық операциялардың принциптері талқыланып, күрделі миоманы қалай тез емдеуге болатыны, күрделі жағдайларды талдап, бейнепрезентация жасалмақ. Ал Әзербайжаннан келген дәрігерлер лапароскопиялық гистер – және миомэктомия кезінде түйіндер мен жатыр көлемінің үлкендігінің маңыздылығын түсіндірмек.
Ақтаулық дәрігерлер де қалыс қалғысы жоқ. Субмукозды миоматозды түйіндердің қауіпсіз және тиімді гистероскопиялық резекциясын жасау принциптері жөнінде өз тәжірибесімен бөлісуді көздейді. Франциядан келген профессор Реваз Бочоришвили ауыр эндометриозды емдеудің заманауи тәсілдерін кейінен түсіндіруді көздейді.
Сондай-ақ жатыр мойнағына бала біту кезіндегі ағзаларды сақтап қалу технологиялары, поликистозды аналық бездерінің ауруы кезінде эндоскопиялық операциялардың әрбір түрлерінің тиімділігін салыстырмалы зертеу, постменопаузадағы спецификалық процестердің диагностикасы кезіндегі гистероскопияның рөлі туралы айтылады деп күтілуде.