Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2019

Сисем атадағы ас мүшәйрасында жеңімпаз ақындар анықталды

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауда өткен жалпыхалықтық аста Сисем ата және аталмыш пантеонда жатқан есіл ерлердің рухына өлең арнаған ақындар өзарар сайысқа түсті.

Сисем атадағы ас мүшәйрасында жеңімпаз ақындар анықталды

Республиканың бірнеше өңірлерінен 15 ақын қатысқан сайыста маңғыстаулық ақын Асылбек Жаңбырбай «Сисем ата» өлеңімен 1-орынды иеленіп, 500 мың теңге жүлдені иеленді. 2-орынға тігілген 300 мың теңгені Алмас Алтай «Үстірттің ернеуінде үнсіз ауыл» өлеңімен иемеденсе, 3-орынға Бақтыбай Жайлаудың «Қожаназар мырза мазары басында» өлеңі лайықты деп танылып, 200 мың теңгені еншіледі.

Жалпы ас деректері, мүшәйраға қатысқан ақындардың өлеңдері жинақ болып басылып шығады деп күтілуде.