Президент • 17 Қыркүйек, 2019

Мемлекет басшысы Т. Уәлиев атындағы спорт мектебіне барды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары аясында Жақсы ауданындағы жеке спорт мектебін аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Т. Уәлиев атындағы спорт мектебіне барды

Қазақстан Президентіне күрес, бокс және футбол спортына арналған залдар көрсетілді. Қазіргі уақытта Жақсы ауданының 170 оқушысы бокс, грек-рим күресі және футбол секцияларында спортпен шұғылданады.

Бұл спорт мектебі өз тарихында 4800 спортшыны, соның ішінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін дайындап шығарды.

Мемлекет басшысы грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченкомен және спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен әңгімелесу барысында ауылдағы бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын атап өтті.