Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың Корея Республикасына ресми сапары өтуде. Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Оңтүстік Корея басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді, атап айтқанда Премьер-Министр Ли Нак Ён, Ұлттық Ассамблеяның (Парламент) спикері Мун Хи Сан, БҰҰ экс-Бас хатшысы Пан Ги Мун, сондай-ақ Сыртқы істер министрі Кан Ген Хва мен Сауда, индустрия және энергетика министрі Сон Юн Момен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесулер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық күн тәртібінің ағымдағы мәселелерін, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық және өзара іс-қимылдың басқа да салаларындағы қатынастарды дамыту перспективаларын, сондай-ақ Корей түбегіндегі жағдайды талқылады.
Корей Үкіметінің басшысымен келіссөздер барысында тараптар жоғары деңгейде саяси диалогты қолдаудың маңыздылығын атап өтті. «Корея Республикасы біз үшін Азиядағы негізгі стратегиялық серіктестердің бірі болып табылады және біз саяси өзара іс-қимылымыздың деңгейі осы мәртебеге сәйкес келетінін қанағаттанушылықпен атап өтеміз», деді Б. Атамқұлов.
Қазақстан СІМ басшысы корей тарапын елдегі маңызды ішкі саяси үдерістер туралы хабардар етті және Қазақстан бұрынғыдай Оңтүстік Кореямен өзара тиімді қарым-қатынасты кеңейтуге және нығайтуға ұмтылатын болады деп сендірді. Жаңадан сайланған Мемлекет басшысы тәжірибелі саясаткер және танымал дипломат болып табылатын Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Корей қарым-қатынастарының сабақтастығы мен жоғары серпінін сақтайды.
Биылғы жылы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы стратегиялық әріптестікті орнатуға 10 жыл толады. Осы жылдың сәуір айында болған Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инның Қазақстанға мемлекеттік сапары осы кезеңнің маңызды индикаторы болды.
«Сіздің еліңіз Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен өз экономикасын ырықтандыруда үлкен табыстарға қол жеткізіп, енді оны өркендеу күтіп тұр. Біз Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға дайынбыз», деді Премьер-Министр Ли Нак Ён.
Ұлттық Ассамблеяда тараптар парламентаралық байланыстар мәселелерін талқылап, оларды нығайту, саяси диалогтың жоғары деңгейін қолдау және заң шығару қызметі саласында тәжірибе алмасу қажеттілігі туралы келісті.
Корея Республикасы мен Ресей Федерациясы бастамашылары болып табылатын «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» атты Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің жиналысына дайындық жұмыстары талқыланды. Ұлттық Ассамблеяның төрағасы Мун Хи Сан осы жылдың 23-24 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін аталған жиналысқа өзінің қатысуын тағы да растады. Сонымен қатар қазақстандық тарап корей тарапына іс-шараны ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.
БҰҰ бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесу достық жағдайда өтті. Сұхбаттасушы Қазақстан Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы лебізін білдіріп, бүкіл әлем сыйлайтын саясаткер ретінде оның баға жетпес талантын ерекше атап өтті. Оның пікірінше, Елбасының ядролық қарудан бас тарту шешімі адамзат тарихына енгені сөзсіз. Корей дипломаты Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттік қызметке сайлануымен құттықтап, онымен халықаралық беделді ұйымда қызметті бірге атқарған БҰҰ құрылымындағы Қазақстанның жарқын өкілдерінің бірі болғанын атап өтті.
Қазақстан СІМ басшысы қазақстандық басшылықтың атынан жылы лебізін білдіріп, Пан Ги Мунға еліміздің сыртқы саяси бастамаларына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.
Қазақстан мен Оңтүстік Корея СІМ басшыларының келіссөздері барысында тараптар екіжақты және халықаралық өзекті мәселелер бойынша «сағаттарды салыстырды», олардың көпшілігі бойынша ұстанымдардың ұқсастығын атап өтті. Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында ешқандай саяси келіспеушіліктер жоқ, халықаралық ұйымдар мен көпжақты форумдар шеңберінде сындарлы өзара іс-қимыл жүзеге асырылуда.
Қазақстан СІМ басшысы қазақстандық тараптың Корея Республикасымен ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға ерекше мән беретініне назар аударды. Тараптар алдағы іс-шаралар кестесін, атап айтқанда ағымдағы жылдың қазан айында Қазақстанда өтетін «Орталық Азия - Корея Республикасы» форумына дайындық барысын талқылады.
Сауда, индустрия және энергетика министрі Сон Юн Момен кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және технологиялық ынтымақтастыққа назар аударылды.
Корея біз үшін ең басым елдердің бірі, сондай-ақ Азиядағы екінші сауда серіктесі болып табылады. Тауар айналымы мен инвестициялық ынтымақтастықтың белсенді өсуі өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетеді. 2018 жылы тауар айналымының көлемі 4 млрд АҚШ долларын құрады, ал 2019 жылдың бірінші жартысында 2,7 млрд долларға жетіп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен екі есе артық екенін көрсетеді.
Корея тарапы еліміздегі инвестициялық ахуалды жетілдіру саясатымен егжей-тегжейлі танысып, Қазақстан экономикасына белсенді инвестиция салуға шақырды. 2005 жылдан бастап 2019 жылдар аралығында Корея ҚР экономикасына 5,3 млрд доллар салды.
Тараптар Корея Республикасы Президентінің Қазақстанға сапары барысында қол қойылған «Жаңа жел» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жұмыс тобының қызметі мәселелерін талқылауға егжей-тегжейлі тоқталды. Топтың бірінші отырысын қыркүйек айының соңында Қазақстан астанасында өткізу жоспарланып отыр, оны үйлестіруді Қазақстан тарапынан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ал корей тарапынан - Сауда, индустрия және энергетика министрлігі жүргізеді.
Сонымен қатар Қазақстан СІМ басшысы Оңтүстік Кореяның ірі бизнес өкілдерімен, атап айтқанда «Kolon», «Samsung Electronics», «Doosan Heavy Industry», «Hyosung Corporation Group» және «Hyundai Heavy Industries» атты компаниялардың басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді. Корей кәсіпкерлері машина жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және мұнай химиясы салаларындағы инвестициялық ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтті.
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қазақстан • Бүгін, 22:45
Өнер • Бүгін, 22:05
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Бүгін, 21:27
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Бүгін, 21:16
Нигерияда бандалар ұрлаған 300-ден астам мектеп оқушысы босатылды
Әлем • Бүгін, 20:40
Ақмола облысы: Экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жол картасына өзгеріс енгізіледі
Аймақтар • Бүгін, 19:50
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Бүгін, 19:20
Бельгияда коронавирустың «үшінші» толқыны туралы айта бастады
Әлем • Бүгін, 18:50
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Бүгін, 18:00
Ақмолада сотталғандар кездесудің орнына екі сағаттық бейнебайланысқа шығады
Аймақтар • Бүгін, 17:14
«Канело» мен Йылдырым титулдық жекпе-жек үшін қанша гонорар алды?
Спорт • Бүгін, 16:27
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Бүгін, 16:00
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 15:07
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Бүгін, 14:34
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Бүгін, 14:02
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Этномәдени бірлестік өкілдері Сәбит Мұқанов саябағына ағаш отырғызды
Аймақтар • Бүгін, 13:17
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Бүгін, 12:40
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Бүгін, 12:25
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Бүгін, 11:21
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Бүгін, 10:44
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Бүгін, 10:41
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Бүгін, 09:58
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:26
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар