Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2019

Алматы Fitch Ratings агенттігінің «ВВВ» кредиттік рейтингіне көтерілді

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әлемнің үш ірі халықаралық рейтинг агенттіктерінің бірі Fitch Ratings  ұсынған Қазақстанның тәуелсіз рейтингі деңгейінде «BBB» халықаралық кредиттік рейтингіне ие болды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен жиында белгілі болды.

Алматы Fitch Ratings агенттігінің  «ВВВ» кредиттік рейтингіне көтерілді

Орталық Азия бойынша IFC аймақтық менеджері Кассандра Колберт журналистермен кездескен кезде халықаралық кредит рейтингін алу қаланың өзінің өсіп келе жатқан инвестициялық қажеттіліктері үшін коммерциялық ұзақ мерзімді қаржыландыруды тарту қабілетін күшейтудегі маңызды қадам болып табылатынын атап өтті.  «IFC міндеті – заманауи инфрақұрылымға инвестиция тарту және Алматыға өз тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін тиімді және тұрақты қызмет көрсетуге көмектесу» деді  Кассандра Колберт ханым.

Енді Алматының несиелік рейтингі халықаралық инвестициялық қауымдастықтың назарын аудару мақсатында Fitch Ratings бағалайтын әлемнің жетекші астаналар рейтингтерінің тізіміне енгізілетін болады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров айтты.   

«Жоғары несиелік рейтинг Алматы қаласында жайлы инвестициялық ахуал туғызып, бизнес-бастамаларға арналған барынша перспективалы инвестициялық алаң болып қала береді. Біз несиелік рейтингті ағымдағы «BBB+» - тен әлемнің жетекші қаржы ұйымдарымен ұзақ мерзімді заемдар жасай отырып, одан да жоғары инвестициялық деңгейге дейін көтеруді жалғастыратынымызды айта кету керек» деп атап өтті І. Өсеров.   

Бүгінгі жиын барысында IFC және Алматы қаласының әкімдігі стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды. Осы  келісімнің шеңберінде  ұзақ мерзімді капиталға қол жеткізуде және инфрақұрылымға инвестицияларды тартуға әкімдікке қолдау көрсетеді.