Алматы әкімдігі бұл мәселені кеше кешкісін Challenge Co., Ltd бас директоры Kазуо Сасакимен кездесуі кезінде талқылады.
« Алматыда жер сілкінісі туралы алдын-ала хабарлайтын жүйені орнату туралы мәселені талқыладық. Сасаки мырза — сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласының танымал сарапшысы, жобаның серіктесі болуға дайын. Ол әлемдегі неғұрлым сейсмикалық қауіпті аймақтарда қолданылған қондырғының артықшылықтары туралы айтты», деп жазды Алматы әкімі Instagram -дағы парақшасында.
Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Алматыдағы сейсмология институты мамандарының мәліметіне сәйкес қалада 25-35 станса орнату қажет.