Руханият • 18 Қыркүйек, 2019

Семейде 6 күн бойы театр фестивалі өтеді

113 реткөрсетілді

Фестивальге еліміздің 12 театр ұжымы үздік қойылымдарымен қатысады.

 

20-25 қыркүйек аралығында Семей қаласында Мәдениет және спорт министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен және Қазақстан театрлары ассоциациясының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті театр және кино актрисасы Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының  XXVII республикалық театр фестивал өтеді. Мәдени шара Әмина Өмірзақованың есімін ел есінде мәңгі қалдыру, оның шығармашылығы және мұрасымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.  «Фестивальге еліміздің 12 театр ұжымы үздік қойылымдарымен қатысады. Алты күн бойы Семей қаласының қонақтары мен тұрғындары фестиваль барысында Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры, Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Ф.М.Достоевский атындағы орыс драма театры, Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, «Nomad» театры, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры, «Дариға-Ай» жастар театры, С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ сазды-драма театры, Шығыс Қазақстан облыстық драма театрларының қойылымдарын тамашалай алады. Баспасөз конференциясы 20 қыркүйекте сағат 10.00-де, фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі осы күні сағат 11.00-де, фестивальдің салтанатты жабылу рәсімі 25 қыркүйекте сағат 19.00-де, сондай-ақ фестиваль қойылымдары 20-25 қыркүйек аралығында Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының ғимаратында өтеді. Келем деушілерге есік ашық» дейді Қазақстан театрлары ассоциациясының атқарушы директоры Салтанат Мақсотқызы.

 

Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған

Қазақстан драма театрларының XXVII республикалық фестивалінің   

БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей  қаласы                                                                                                                 20-25 қыркүйек, 2019 жыл

 

Уақыты

Шара атауы

Өткізілетін орны

20 қыркүйек (жұма)

10.00

Баспасөз конференциясы

Абай атындағы театр

Абай даңғылы, 1

11.00

Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVII республикалық фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі

Абай атындағы театр

Абай даңғылы, 1

12.00

М.Әуезов «Қанды азу» /поэтикалық трагедия/

Шығыс Қазақстан облыстық драма театры

Абай атындағы театр

Абай даңғылы, 1

19.00

Ә.Ақтай «Ахметтің аманаты» /драма/

Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры 

Абай атындағы театр

Абай даңғылы, 1

21  қыркүйек (сенбі)

11.00

Г.Маркес  «Періште» /психологиялық клоунада/

Ф.М. Достоевский атындағы орыс драма театры 

Абай атындағы театр

Абай даңғылы, 1

12.30

Қойылымдарды талдау

Абай атындағы театр

Абай даңғылы, 1

Кіші зал

19.00

Е.Төлеубай  «Абай» /трагедия/

Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры 

Абай атындағы театр

Абай даңғылы, 1

22 қыркүйек (жексенбі)

11.00

М.Фрейн «Театр 180º» /комедия/

«Nomad» театры

Абай атындағы театр

Абай даңғылы, 1

12.30

Қойылымдарды талдау

Абай атындағы театр

Абай даңғылы, 1

Кіші зал

19.00

М.Ладо «Адам-зат» /драма/

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Абай атындағы театр

Абай даңғылы, 1

23  қыркүйек (дүйсенбі)

11.00

Низами  «Ләйлә-Мәжнүн» /трагедия/

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры

Абай атындағы театр

Абай даңғылы, 1

12.30

Қойылымдарды талдау

Абай атындағы театр

Абай даңғылы, 1

Кіші зал

19.00

А.Пушкин  «Евгений Онегин» /романнан көріністер/

М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры

Абай атындағы театр

Абай даңғылы, 1

24  қыркүйек (сейсенбі)

11.00

Н.Сауданбекұлы «Әлиханның аманаты» /реквием/

Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры

Абай атындағы театр

Абай даңғылы, 1

12.30

Қойылымдарды талдау

Абай атындағы театр

Абай даңғылы, 1

Кіші зал

19.00

Б.Соқпақбаев  «Балалық шаққа саяхат» /драма/

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры 

Абай атындағы театр

Абай даңғылы, 1

 

25 қыркүйек (сәрсенбі)

 

10.00

Б. Жақып «Жан дауысы»  /саундрама/

С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ сазды-драма театры 

Абай атындағы театр

Абай даңғылы, 1

15.00

Е.Аманшаев  «Дауыс. Дау іс» /абсурд/

«Дариға-ай» жастар театры

Абай атындағы театр

Абай даңғылы, 1

16.30

Қойылымдарды талдау

Абай атындағы театр

Абай даңғылы, 1

Кіші зал

19.00

Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVII республикалық фестивалінің салтанатты жабылу рәсімі.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі

 

Абай атындағы театр

Абай даңғылы, 1

 

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар