Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2019

Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы сайланды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс XXXVIII конференциясы өтті.

Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы сайланды

Алқалы жиынға партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Шымкент қаласының әкімі Eрлан Айтаханов, Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, саяси кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік орган басшылары, аудандардан сайланған конференция делегаттары қатысты.

Конференцияның күн тəртібіне сəйкес, Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасын сайлау және Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси Кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы талқыланды.

Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс ХХХVІІІ конференциясында бұрынғы филиал төрағасы Ғ.Əбдірахымовтың басқа қызметке ауысуына байланысты филиал төрағалығына Шымкент қаласының əкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов сайланды.

Шымкент

Шымкент