Баку қаласында Қазақстан Республикасының Каспий теңізі мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Зульфия Аманжолова Иран Ислам Республикасының Каспий теңізі мәселелері жөніндегі өкілетті өкілі Н.Ахаримен және Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Каспий теңізі мәселелері жөніндегі өкілетті өкілі Халаф Халафовпен екіжақты консультациялары өткізді.
Кездесулерде Каспий маңы мемлекеттері басшыларының тапсырмаларын және Бесінші Каспий саммитінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға қатысты мәселелер талқыланды, сондай-ақ Каспий теңізіндегі ынтымақтастықтың түрлі салаларын реттейтін бесжақты келісімдердің жобалары бойынша пікір алмасты.