Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2019

Қазақстан және Литва елдері көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараптар 2019 жылға арналған рұқсат бланкілерінің түпкілікті квотасын және 2020 жылға арналған алдын ала квотаны бекітті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан және Литва елдері көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

«Translogistica Kazakhstan 2019» халықаралық көрмесі аясында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев пен Литва Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Владислав Кондратовичтің төрағалығымен Көлік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Литва жұмыс тобының ІІІ отырысы өтті.

Отырыс барысында темір жол, автомобиль, әуе көліктері саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар 2019 жылға арналған рұқсат бланкілерінің түпкілікті квотасын және 2020 жылға арналған алдын ала квотаны бекітті, жылжымалы құрамды Литваға жеткізу мүмкіндігін талқылады, контейнерлік тасымалдауды дамыту бойынша тығыз іскерлік ынтымақтастықты жүзеге асыруға және Литва мен Қазақстан арасында тұрақты әуе қатынасын жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарауды жалғастыруға келісті.