Ұйымдастырушылардың пікірінше, онлайн іріктеу шалғайдағы елді мекендердегі нағыз дарындарды анықтауға мүмкіндік берген.
Сөйтіп ақтық кезеңге жолдама алған 22 үміткер Шәмші әндерін үлкен сахнада шырқау мүмкіндігіне ие болды. Әншілердің өнерін композитор, шәмшітанушы Қалдыбек Құрманәлі төрағалық еткен қазылар алқасы бағалады. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Түркістан облыстық опера және балет театрының жанынан құрылған «Арбат» квартеті жеңіп алды. Бас жүлде иегеріне 400 000 теңге табысталды. Бірінші орынға Отырар ауданынан Шоқан Теңлібаев, екінші орынға ордабасылық Әмір Бекзат, үшінші орынға шардаралық Динара Ізғали лайық деп танылды.
Сондай-ақ бірқатар байқау қатысушылары Түркістан облысы әкімінің, «Менің Қазақстаным», «Ақсұңқарым», «Бәрінен де сен сұлу», «Ең жас орындаушы» арнайы жүлделеріне ие болды. Байқау жеңімпаздары мен барлық қатысушылар ақшалай сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды.
Түркістан облысы