Оқиға полиция департаментінің «Көкнәр» және «Допинг» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталған. Есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша бөлініс қызметкерлерінің жедел ақпаратына сәйкес 1992 жылы туған «Ж» есімді азамат анықталып, ұсталды.
Гараждың жертөлесінде қарасора өсіру үшін барлық жағдай жасалған, яғни жертөле қабырғалары пенофолмен оқшауланып, ауа айналдыратын вентиляциясы іске қосылып, жасанды жарықтандыру (фитоламп) қойылған. Қажетті температураны ұстап тұру үшін радиатор орнатылған. Тінту кезінде өсірілген қарасора және пайдалануға дайын «марихуана» есірткі заты тәркіленді. Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша шамамен 600 гр. «марихуана» есірткі заты және 3 түп қарасора тектес өсімдік тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөліміне (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Батыс Қазақстан